Мінезің текст песни

Еркін Нұржанов

Мінезің

6
0

Поделиться:



Ақылымды билеуді,
Күйіп тұрып күймеуді,
Жылып тұрып күлуді,
Сүйіп тұрып сүймеуді,
Сезімге бас имеуді
Ұнатасың ба?

Ұнатасың, ұнатасың
Ұнатамын мен де сені
Жылатасың, жұбатасың
Қалпыңменен кешегі

Жүрегіңе көнбеуді,
Жан-жараңды жеңбеуді,
Танып тұрып танымай,
Көріп тұрып көрмеуді
Сеніп тұрып сенбеуді
Ұнатасың ба?

Қайырмасы:
Аялаған ақ құсым
Қайрылмайтын қаттысың
Соның үшін, соның үшін
Тәттісің сен тәттісің.

Қарақаттай көзіңді
Көзіңдегі сезімді
Сүйем деген сөзіңді
Айтып тұрып айтпауды,
Айтқаныңнан қайтпауды
Ұнатасың ба?
Еркін Нұржанов, Еркин Нуржанов, Мінезің, Минезин mp3 скачать, слушать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

31.10.2015
Видеоклип
Еркін Нұржанов
Мінезің