Не жақсы текст песни

Ерген Айтымбетов

Не жақсы

0
0

Поделиться:


Не жақсы бұл дүниеде жүрген жақсы
Құрбыңмен әзілдесіп күлген жақсы
Туысқан ағайынмен тату болып,
Қайғысыз еркін өмір сүрген жақсы
Туған жер қабағыңның жары жақсы
Ішінде көп түйенің нары жақсы
Бірауық мұңайғанда басын сүйер
Туысқан ағайынның бары жақсы


Не жақсы бұл дүниеде дала жақсы
Ішінде көп жылқының ала жақсы
Әрқарай ғұмырыңды жалғастырар
Тұяғың артыңдағы бала жақсы
Қыс болса өзен жабар мұзда жақсы
Келтірер астың дәмін тұзда жақсы
Тірі де өрісіңді кеңейтетін
Гүліңдей мәпелеген қызда жақсы


Не жақсы бұл дүниеде толған жақсы
Бақ дәулет басыңа кеп қонған жақсы
Дүние қолдың кірі бәрінен де
Денің сау, басың аман болған жақсы
Не жақсы бұл дүниеде арман жақсы
Шырқатып құмар әнге салған жақсы
Мәңгілік жасайтұғын ешкім де жоқ
Артыңда бір жылы сөз қалған жақсы
Ерген Айтымбетов, Ерген Айтымбетов, Не жақсы, Не жаксы текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

10.12.2015