Аққуым аспанда емес, жер бетінде текст песни

Ерген Айтымбетов

Аққуым аспанда емес, жер бетінде

1
0

Поделиться:


Аққуым аспанда емес, жер бетінде,
Сұлулық тұр тояттап келбетінде.
Сол болып шырт ұйқыдан оятады,
Мазасыз таңда бұлбұл, жел де түнде.

Аққудың ұйып тыңдап тынбас әнін,
Сарылып түнмен, таңмен сырласамын.
Кетеді асықтырып таң да, түн де
Дүниеде жүрсің бе деп, мың жасармын.

Қайтейін, төзем тағы мен дертіме,
Тимесін аққуымның жел бетіне.
Дауысын жүрегімнің бір есітер,
Әндетіп жүрсе болды жер бетінде.
Ерген Айтымбетов, Ерген Айтымбетов, Аққуым аспанда емес, жер бетінде, Аккуым аспанда емес, жер бетинде текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

22.11.2015
Видеоклип
Ерген Айтымбетов
Аққуым аспанда емес, жер бетінде