Жылайды жапырак Е. Елгезеков

Жылайды жапырақ

0
0

Поделиться:


Текст песни



Оралмай жүрген жазым ең
Таба алмай жүрген сазым ең
Жолықтың маған ғайыптан
Бұлбұл боп жарқын назыңмен


Сазымен тербеп тәтті әнің
Жүрекке өшпес от салдың
Әніңе ғашық болам деп
Өзіңе ғашық боп қалдым


Қайырмасы:
Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Тербетіп сыбдырымен даланы
Өзіңмен жүрген айлы түндер алыстап барады
Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Жұбатты жанымды түнгі самалы
Жылама жапырақ
Қуаныш күн туар саған да


Ұмыта алмадым сол күзді
Өртеген еді жалыны
Аңсаумен жүрсін деп бізді
Қоспаған шығар тәңірі


Сырымды қалай жеткізем
Сағынышымсың тек білсең
Қуанышым боп келіп ең
Тәтті мұң сыйлап кеттің сен


Қайырмасы:
Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Тербетіп сыбдырымен даланы
Өзіңмен жүрген айлы түндер алыстап барады
Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Жұбатты жанымды түнгі самалы
Жылама жапырақ
Қуаныш күн туар саған да

Е. Елгезеков



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Добавлено

28.10.2015