Текст песни
Тəуелсіздігім тəуелсіз күнім бақытым
Бағала досым өмірдің нұрлы уақытын
Тəуелсіздігім тəңірден келген тəтті сый
Басқаны қайтем алтын мен гауһар жаһұтын.
Қайырмасы:
Жасайбер жаса тəуелсіздігім киелім
Сені аңсап тудым басымды саған иемін
Қазақстаным егемен елім еркелім
Біріңді бүгін жыр құдіретпен сүйемін
Жасайбер жаса тəуелсіздігім киелім.
Тəуелсіздігім тəуелсіз күнім арманым
Сарылып күтіп ұйқысыз атқан таңдарым
Бабамның қаны анамның жасымен келген
Баға жетпейтін байлығым биік заңғарым
Қайырмасы:
Тəуелсіздігім тəуелсіз күнім теңдігім
Айбыным арым намысым бағым өрлігім
Қыршын боз бала қызғалдақ қыз бала қанымен
Тарихта жазған жасампаз жарқын ерлігін.
Қайырмасы:
Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).
кушти&
Маган андер жинагы катты унайды