Сыр текст песни

Дана Маханбаева

2019

0
0

Поделиться:



Мен әдемі болсын десең
Сен күлуден жалықпа
Тағдырыма көнсін десең
Көкте еркін шарықта
Мен бақытты болсын десең
Сен бақытсыз болмағын
Ерлігімді көрсін десең
Еркелетіп қорғағын

Қайырмасы
Мен кіршіксіз сүю үшін
Сен сезімге дақ салма
Өр басымды ию үшін
Қонба өзге бақтарға

Мендік көктем көңіл үшін
Сен сыйлай жүр гүліңді
Сары алтындай сенім үшін
Қадірлей біл гүліңді
Мен сертімді бұзбау үшін
Сен сағынба өзгені
Қате сурет сызбау үшін
Сырымды оқы көздегі

Қайырмасы
Мен кіршіксіз сүю үшін
Сен сезімге дақ салма
Өр басымды ию үшін
Қонба өзге бақтарға
Дана Маханбаева, Дана Маханбаева, Сыр, Сыр mp3 скачать, слушать, текст песни, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Отредактировал текст

21.05.2019
Пользователи