Берік Төлегенов Сен жайлы (0) текст песни

Сен жайлы текст песни

Берік Төлегенов

Сен жайлы

0
0

Поделиться:


Алыстасың сонда дағы қымбатсың,
Сен мен үшін шешілмеген жұмбақсың.
Дауысыңды жарты жылдай аңсадым,
Бал үніңді бүгін ғана тыңдаттың.
 
Дәл бір сендей бұл әлемде жан жоқтай,
Күрмелемін саған лайық сөз таппай.
Жүрек тулап сана шулап жатқанда,
Сол жүрегім қатты соғар бір соқпай.
 
Қолқа салды құрбыларың жаз деп ән,
Бірден жауап бере алмадым мен бұған.
Өлең десең өлең жазып берейін,
Егер сәлде қуаналсаң сен соған.
 
Әдемісің қылықтысың сөзім жоқ,
Шашың қара шие ерін көзің от.
Суретіңе қарап тұрмын дәл қазір,
Әттең бірақ деген менен өзің жоқ.
 
Сөз табылмай тілдескенде ұялдым,
Мүмкін саған ғашық болған шығармын.
Оны білмейм бір білерім қайтадан,
Бал үніңді тағы естуге құмармын.
 
Болғанымен біздерге ортақ бір ғалам,
Арамызда шақырым бар мыңдаған,
Көріскенше тілдесейік хат жазып,
Күз келгенде өзің жаққа бір барам.






GM

Добавил текст

29.10.2015