Барлық ҚАЗАҚ бай болсын! текст песни

Барыс тобы

2018

0
0

Поделиться:



Барлық елден озатын басымызда азат күн
Той дегенің ағайын қазынасы қазақтың
Жеңген елміз жауды да сыйлағанбыз ханды да
Қонақжаймыз қонақтың барын қойған алдына
Арайланған таң болсын өмірлерің бал болсын
Қыздарыңыз ханшайым ұлдарыңыз хан болсын
Жарқырасын маңдайың жақсы болсын жағдайың
Тойға ғана жайылсын дастарханың ағайын

Қайырмасы
Ән керек сән керек жадыраған жан керек
Жолығармыз бәріміз жердің беті дөңгелек
Күн болсын ай болсын барлық қазақ бай болсын!
Әр адамның үйінде күнде қызық той болсын!

Басқа қонбас бақ қалай естен кетпес шақ қалай
Қуанышқа марқайып билеңіздер тоқтамай
Үлкен кіші кәріміз арта берсін бағымыз
Билеп жүріп қәнекей ән айтайық бәріміз
Көңілдірек күй менен қара жорға бименен
Дәл осындай халықтан қалай ғана жиіренем
Құлақ түрген әніне таңдай қаққан сәніне
Бақыт тілер жүректен ырыс толды бәріне

Қайырмасы
Ән керек сән керек жадыраған жан керек
Жолығармыз бәріміз жердің беті дөңгелек
Күн болсын ай болсын барлық қазақ бай болсын!
Әр адамның үйінде күнде қызық той болсын!




Барыс тобы, Барыс тобы, Барлық ҚАЗАҚ бай болсын!, Барлык КАЗАК бай болсын! mp3 скачать, слушать, текст песни, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Отредактировал текст

03.07.2018
Пользователи