Өзіңді аңсап (cover) текст песни

Бағлан Әбдірайымов

2020

21
1

Поделиться:



Өзіңді аңсап өтеді көктем, өтер күз
Аңсаумен өткен өмірге мынау не етерміз
Көрсем деп шіркін іздеген мәңгі бір-бірін
Көк аспандағы ай менен күндей екенбіз

Қайырмасы:
Жаным-ау менің жағаға таққан тұмарсың
Жалғанда жалғыз, жабығып жүрген шығарсың
Ұнарсың талай бір көрген жанға ұнарсың
Өмірде бірақ өзіме ғана сыңарсың 2

Көркемім сені көрсем де жақсы өзгеден
Қиналдым соны айта алмай саған сөзбенен
Сен туған ауыл, ел-жұртың неткен бақытты
Өзіңді күнде жүретін көріп көзбенен

Қайырмасы:
Жаным-ау менің жағаға таққан тұмарсың
Жалғанда жалғыз, жабығып жүрген шығарсың
Ұнарсың талай бір көрген жанға ұнарсың
Өмірде бірақ өзіме ғана сыңарсың 2


Бағлан Әбдірайымов, Баглан Абдирайымов, Өзіңді аңсап (cover), Озинди ансап (cover) mp3 скачать, слушать, текст песни, 2020
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Asem Myrzamuratova

Отредактировал текст

14.06.2020
Пользователи