Ардақты аға текст песни

Б. Жұманиязов

Ардақты аға

0
0

Поделиться:


Белгілі есімің
Бауырмал ағасың
Көңілдің есігін
Күй болып қағасың


Қайырмасы:
Қашанда жақсыға
Құшағың жаясын
Аязда - ақ шуақ
Аптапта - саясын
Аязда - ақ шуақ
Аптапта - саясын


Тулайды жүрегің
Тасытып қаныңды
Жұрт үшін жүресің
Қинап-ақ жаныңды


Қайырмасы:
Біреудің қайғысын
Қайғыңдай көресің
Халықтың алғысын
Гүліндей тересің
Халықтың алғысын
Гүліндей тересің


Кең көңіл даладай
Бересін қол ұшын
Бір туған ағадай
Сыйлаймыз сол үшін!


Қайырмасы:
Жақсылық кезінде
Жырға да сымбат қой
Бұл өмір өзіңдей
Жандармен қымбат қой
Бұл өмір өзіңдей
Жандармен қымбат қой

Б. Жұманиязов
Б. Жұманиязов, Б. Жуманиязов, Ардақты аға, Ардакты ага текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Добавил текст

28.10.2015