Үйленейік ғашығым текст песни

Азия тобы

2018

14
1

Поделиться:



Өмірге мəн берген көңілге сəн берген
Жанымның тəтті шекерім
Көркіңді көргенде түсіндім сол кезде
Баянды бағым екенін
Жұпарың аңқиды
Жүрегім балқиды
Қасыңнан қалай кетемін
Ақ көйлек кигізіп
Бетіңнен сүйгізіп
Қалайда жарым етемін

Қайырмасы
Үйленейік ғашығым
Əкең білсін ашығын
Біз қашанғы кездесеміз жасырын
Үйленейік ғашығым
Шашылғаның шашуым
Келіспесең мүмкін алып қашуым

Сүйкімді көзіңмен сиқырлы сөзіңмен
Жүрекке жебе түйредің
Тек сені қиялдап əнімді жиі арнап
Жатырмын жалғыз үйдемін
Төріме сен келмей
Тал бесік тербелмей
Жабырқау көңіл күйдемін
Тең болсын терезем кең болсын керегем
Қасыма келші сүйгенім

Қайырмасы
Үйленейік ғашығым
Əкең білсін ашығын
Біз қашанғы кездесеміз жасырын
Үйленейік ғашығым
Шашылғаның шашуым
Келіспесең мүмкін алып қашуым
Азия тобы, Азия тобы, Үйленейік ғашығым, Уйленейик гашыгым mp3 скачать, слушать, текст песни, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Отредактировал текст

25.05.2018
Видеоклип
Азия тобы
Үйленейік ғашығым