Мұқағалиға арнау текст песни

Әзімханова Қарлығаш

0
0

Поделиться:


Туғаннан шалса дағы өмір бейне,
Жаныңа жан толысты көңіл күйге.
Әділетсіз жалғанның жаласы боп,
Өмірге налушы едің аға кейде.Сөйттің де қалам алдың шабыттана,
Шер тарқаттың өміріңе болып нала.
Бағыңды бағаламай сонда халқың,
Жүрегіңе салыпты қайғы жара.Ұғынды өлеңменен дүниені,
Өлеңіңе ұрпағың бас иеді
Жырыңнан қуат алып сансыз жүрек,
Ақындарың жаңаша ой түйеді.Ғаламды тербеп әсем жырыңменен,
Тойлайды бүгін халқың шыныменен.
Ақиық ақын деп қазағымның,
Мақтанамын өзгелерге сеніменен.Пір тұтсаң сен Абайды жыр күшіңмен,
Жазамын мен жырыңның үлгісімен.
Жапырақ сезім, жалғыз жүрек ақын,
Ұрпағыңа мұраның үлгісі кең.Поэзиямен өмір ашты есігін,
Тербетеді әлем әнмен бесігін.
Қалың елің қайран жұртың тұрғанда,
Шаң баспайды мәңгі сенің есімің.
Әзімханова Қарлығаш, Азимханова Карлыгаш, Мұқағалиға арнау, Мукагалига арнау текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Добавил текст

12.06.2017