Әшірхан Телғозиев Сырласайық оңаша (0) текст песни

Сырласайық оңаша текст песни

Әшірхан Телғозиев

Сырласайық оңаша

0
0

Поделиться:


Біз барғанда әсем баққа – шалғынға,
Күлім қағып сен тұрушы ең алдымда.
Әлде терген гүлді ұмытып қалдың ба,
Әлде сені өкпелетіп алдым ба?!


Қайырмасы:
Алғы күнге жол аша,
Сол бір баққа тамаша.
Келші тағы, қалқатай,
Сырласайық оңаша!


Түсінбедім, құрбым, өзің қандайсың,
Кейінгі күн көз қиығын салмайсың.
Кейінгі күн кілт өзгерді мінезің,
Әлде нәзік сезіміңді алдайсың.


Қайырмасы:
Алғы күнге жол аша,
Сол бір баққа тамаша.
Келші тағы, қалқатай,
Сырласайық оңаша!


Сол бір кештер сырласатын таң аса,
Ұмытылмас кездер еді тамаша.
Тағы бізге куә болсын ай-жұлдыз,
Тағы келші, сырласайық оңаша.


Қайырмасы:
Болашаққа жол аша,
Сол бір баққа тамаша.
Келші тағы, қалқатай,
Сырласайық оңаша!

Әшірхан Телғозиев






GM

Добавил текст

28.10.2015


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz