Қарындас текст песни

Асхат Тарғын

2016

4
0

Поделиться:



Жаралған сезім мен нұрдан,
Ақ арман көзіңде тұнған,
Таралған шаштары самалмен.
Құлпырған абат мүсіндім,
Сыртыңнан қарап түсіндім,
Ғашық боп қалыппын саған мен.


[Қайырмасы:]
Қарындас, атыңды айтшы жасырмай,
Тулады жүрек басылмай,
Жаншып өттің оны сен жасындай.
Қарындас, бүршігін жарған гүлдейсің,
Арманым болып жүргейсің,
Сені сүйген жан бар деп білгейсің.


Жанымды қозғаған сырмен,
Жалынды көзқарасыңмен,
Аласың сезімнің мазасын.
Жаққандай жүрек алауын,
Тапқандай тілек қалауын,
Ақ қардай алғашқы тазасын.


[Қайырмасы:]
Қарындас, атыңды айтшы жасырмай,
Тулады жүрек басылмай,
Жаншып өттің оны сен жасындай.
Қарындас, бүршігін жарған гүлдейсің,
Арманым болып жүргейсің,
Сені сүйген жан бар деп білгейсің.
Асхат Тарғын, Асхат Таргын, Қарындас, Карындас mp3 скачать, слушать, текст песни, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Комментарии

Динара

22 Мая 2016

Өте әдемі ән!

Admin

Добавил текст

06.05.2016
Видеоклип
Асхат Тарғын
Қарындас