Әсел Құлжанова Бәрі жақсы болады (0) текст песни

Бәрі жақсы болады текст песни

Әсел Құлжанова

Бәрі жақсы болады

0
0

Поделиться:


Тербейді жүрегіңнің әуені,
Сеземін жан дертімнің бар емі.
Әсем сазды үнімен, мұңымен,
Өмірдің әрбір күні әдемі.
Ақ таңды атыруда бар үміт,
Жығылсаң, жыламашы, тағы тұр.
Нөсерін төксе де өмір жолында,
Үзілмесін үмітің бәрібір.

Қайырмасы:
Бақыт құсы қонады кеп,
Арманыңа ерсең.
Бәрі жақсы болады тек,
Жүрегіңе сенсең.

Алдамайды арманың, тілегің,
Мүмкін емес сенімнің сууы.
Жарқырайды жұлдызың білемін,
Мүмкін емес өзгеше болуы.
Тербейді жүрегіңнің әуені,
Сеземін жан дертімнің бар емі.
Әсем сазды үнімен, мұңымен,
Өмірдің әрбір күні әдемі.

Қайырмасы:
Бақыт құсы қонады кеп,
Арманыңа ерсең.
Бәрі жақсы болады тек,
Жүрегіңе сенсең






Комментарии

Қонақ

17 Февраля 2016

маган кешyouдин олени керек

Қонақ

19 Февраля 2016

маған жанар дугалова нікі керек

GM

Добавил текст

09.02.2016
Видеоклип
Әсел Құлжанова
Бәрі жақсы болады