С.У.Seni ARO

0
0

Поделиться:




Текст песни



Мен сенің тәніңнің сынып жетекшісі секілді
Бәрін бірдей жақсы көрем жақсы әр жеріңді
Бетіңді, қаракесек етіңді

Сипаттаймын әдемілеп, білмесем де шет тілді
Кекілді, аруымсың кекілді
Бүгіннен бастап сенің тәнің, ең қымбат боп бекітілді

Есімді кетірдің ми тесілді
Жаным сенің бойың ұзын, Майкл Джордан секілді

Бәрі сенің қалауыңда емес, оған неге күрсінесің
Мейлі жоқ болса да Мерседесім
Жаныңда жүр сенің Геркулесің

Жаным сенің жаныңда тәніңде маған еркелесін
Жұрттар байсыз жүр екен демесін
Ары қарай қылам бірдеңесін

Жалғандық жоқ бұл жерде
Сүйіп өтемін сені
Сүйіп өтемін сені

Махаббат аз өмірде
Сүйіп өтемін сені
Сүйіп өтемін сені

Ал сен жүректің құлыпын ашушы кілтім боласың
Құлып қалай ашылмақ, кілт өзгертсе фигурасын
Не қыласың айтшы, диетаны не қыласың
Маған осылай ұнайсың, ұқпай жүрген миғұласың

Жаным тәнің керемет, сен үшін боласын қанша кетік
Маған бәрі бәрібір, ақылың болса болды жетік
Кемшілігіңді санайтын жігітің мачо мен емес
Бейнеңді жүз өзгертуге әрекет керек емес

Бәрі сенің қалауыңда емес, оған неге күрсінесің
Мейлі жоқ болса да Мерседесім
Жаныңда жүр сенің Геркулесің

Жаным сенің жаныңда тәніңде маған еркелесін
Жұрттар байсыз жүр екен демесін
Ары қарай қылам бірдеңесін

Жалғандық жоқ бұл жерде
Сүйіп өтемін сені
Сүйіп өтемін сені

Махаббат аз өмірде
Сүйіп өтемін сені
Сүйіп өтемін сені

Жалғандық жоқ бұл жерде

Махаббат аз өмірде

Жалғандық жоқ бұл жерде

Махаббат аз өмірде




Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Добавлено

31.07.2022