Өзің бол текст песни

ARARAT тобы

2019

0
0

Поделиться:



Көңілімнің көгершіні асылым өзің
Таңғажайып нұр сыйлайтын мөлдіреп көзің
Күнмен айым жарқыраған жұлдызымсың
Өміріме гүл семкендей бақытымсың сен
Әсем әуен төгілгенде бұл жүрегімнен
Ең әдемі сырға бөлеп өзгеше бөлем
Армандарымның биігі тек өзіңсің
Махаббат шыңына мен өзіңмен жетем

Қайырмасы
Бол бол өзің бол
Қасымда тек өзің бол
Мұң түсірмей жаныма бағым өзің бол
Бол бол өзің бол
Қасымда тек өзің бол
Мұң түсірмей жаныма бағым өзің бол

Табиғаттың тамашасын тамсана бірге
Таң атқанша аралайық бағымау күнде
Құстар сайрап ән арнап бізге шырқасын
Мол шаттықтың арасынан адаспай мүлде
Сағынудан бал күндерді ешбір қимаймын
Өтсе дағы көз алдымда қанша зырлай күн
Ғашықтардың арнаймын пәк махаббатын
Сенесіңбе асыл еркем мәңгі жырлаймын

Қайырмасы
Бол бол өзің бол
Қасымда тек өзің бол
Мұң түсірмей жаныма бағым өзің бол
Бол бол өзің бол
Қасымда тек өзің бол
Мұң түсірмей жаныма бағым өзің бол

ARARAT тобы, ARARAT тобы, Өзің бол, Озин бол mp3 скачать, слушать, текст песни, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Отредактировал текст

17.02.2019
Пользователи