Алтынай Жорабаева Астанаға арнау (2015) mp3 скачать слушать, текст песни

Астанаға арнау текст песни

Алтынай Жорабаева

2015

2
0

Поделиться:



Асан қайғы, Бөгенбай, Қорқыт өткен Астана,
Кеңесары, Наурызбай жортып өткен Астана,
Есіл,Нұра екі өзен нәрін қосқан
Астана,
Ақан, Ғазиз, Біржан сал әнін қосқан
Астана.

Әлемге атыңды жырлаймын Астана,
Сүйемін өзіңді, Астана, бас қала!

Амангелді Патшадан қаймықпаған Астана,
Махаббатын Мағжанға айнытпаған Астана.
Сәкен, Сәбит қаламда жасым болған Астана,
Балуан, Шолақ күреске басым болған Астана

Азаттықты аңсаумен ой кернеген Астана,
Бөлшектеуге қазақты бой бермеген Астана.
Арманына Сәтпаев азық тапқан Астана,
Астана деп Нұрсұлтан қазық қаққан Астана!

Әні:Ж.Кеңесов
Сөзі: Қ.Олжай






Комментарии

Жансая

20 Июня 2016

Керемет.Маган осы олен катты унайды

jejejsshhswhshshehe@gmail.com

22 Сентебря 2020

Өте керемет Алтынай ханым

Нұрдәулет

Отредактировал текст

23.04.2021
Пользователи


shinline.kz