Сәби көңілім текст песни

Әлиxан Дүйсенбай , Үкітай Ернияз

2019

1
0

Поделиться:



Кетер күнді ойлап алаңдай жүрмін
Өткенге қайтып бара алмай жүрмін
Жүйрік жылдардың қойнында қалған
Сәби күнімді таба алмай жүрмін
Жүйрік жылдардың қойнында қалған
Сәби күнімді таба алмай жүрмін

Шөлдегенге мас болып жарыстан алған
Қол былғап еді алыстан арман
Іздесем қанша таптырмайсың ау
Сәби көңілім алыста қалған
Іздесем қанша таптырмайсың ау
Сәби көңілім алыста қалған

Қалған мен атам жұмақты мекен
Жалғанға неге құмарттым екен
Ет жүрегімде тас боп барады
Шамадан артық мұң арттымбекен
Ет жүрегімде тас боп барады
Шамадан артық мұң арттымбекен

Осы бір мұңнан езілермекем
Жақсы күн алдан кезігермекен
Анама барып еркелеп қайтсам
Өзімді жеңіл сезінермекем
Анама барып еркелеп қайтсам
Өзімді жеңіл сезінермекем



Әлиxан Дүйсенбай, Үкітай Ернияз, Алиxан Дуйсенбай, Укитай Ернияз, Сәби көңілім, Саби конилим mp3 скачать, слушать, текст песни, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Отредактировал текст

29.01.2019
Пользователи