Айна Қалмағанбетова & Тұрғанәлі Шарап Ақкөл (2019) mp3 скачать слушать, текст песни

Поделиться:



Ақкөлдің айналасы төрт түлік малға жайлы
Суынан бір ұрттасаң мейірің бір қанады
Суынан бір ұрттасаң мейірің бір қанады
Аққу қаз қиқуласа қонушы еді айдынында
Үйректер шуылдасып салушы еді ұясында

Ақкөлдің нұр суына түсуші еді бала шаға
Демалып ауылдастар жатушы еді жағасында
Ақкөлдің жағалауы құрақпен көмкерілген
Биелер жазушы еді желіні төңкерілген
Биелер жазушы еді желіні төңкерілген

Ақкөлім ақкөлім-ай жағдайың қазір қалай
Жағаңа барамекен тірі жан бір қалмай
Жағаңа барамекен тірі жан бір қалмай
Суыңннан бір ұрттасам осы ғой бар арманым
Суыңннан бір ұрттасам осы ғой бар арманым







Айгул

Отредактировал текст

17.03.2019
Пользователи