Теңіз жағасындағы ой текст песни

Әбіш Кекілбаев

0
0

Поделиться:


Мекен етіп көкшіл теңіз, көкшіл аспан ортасын,
Тұрмын басып құзар таудың қына басқан жартасын.
Төменде мың иретіліп бұрқыраса көк толқын,
Төбемде шың шуақтайды күнге тосып арқасын.
Теңіз, Теңіз?... Теңіз неткен, теңіз неткен ашулы!
Білмейді екен бұ жалғанда ол ашуын бір басуды!
Көкжал толқын айбат шегіп мүйіздесе жағаны,
Жалына кеп жартастардың күс-күс қолы асылды.
Төбемде шың бойын ылғи өрлік, паңдық билеген,
Әлгі айбатты ақ толқынды теңізге бас имеген.
Күн ғана оны еміреніп маңдайынан сүйеді, -
Екеуінің ортасында тұрмын аң - таң күйде мен.
Уа, табиғат, өзің неткен құпияңа беріксің?!
Өрлігіңе, көрігіңе - бар сырыңа жерікпін.
Тауыңның да, дауылдың да, теңіздің де сыры мол, -
Мен ғана тек бұл өмірге құпиясыз келіппін.
Толқыным жоқ теңіз болып тулар едім тағатсыз,
Қыран болып қалықтар ем жаралыппын қанатсыз,
Туғызыпсың дүниеге бір - ақ құлаш бой беріп,
Болар едім асқар таудың төсіндегі абат қүз.
О табиғат! Жараттың ба адамды әлде күңкілдек
Жер бетінде бос қыбырлақ тірлік етіп жүрсін деп, -
Әлде теңіз айбаты мен асқар таудың өрлігін
Өзі көріп, өзі үйреніп, сондай бола білсін деп!
Әбіш Кекілбаев, Абиш Кекилбаев, Теңіз жағасындағы ой, Тениз жагасындагы ой mp3 скачать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Добавил текст

26.01.2017