Шағала текст песни

Әбіш Кекілбаев

0
0

Поделиться:


Көк толқын көк айдында кілкіп, қалқып,
Қайықты мазалайды түртіп, тарпып.
Сүйкеніп жөңкіп кейін шегінеді
Жағаның жағасынан сілкіп, тартып.
Өзді-өзі кейде күшін байқасады,
Бұқадай буырқанып шайқасады.
Өкіріп, өршеленіп сүзіссе де,
Жеңілсе, жентектеліп жай қашады.
Көк толқын айбат шегіп, иықтасып,
Үркеді жағалаудан тиіп қашып.
Шошынып бұрқылдаған тентегіңнен
Қыран да қалықтайды биікке асып.
Бұрқанған билей алмай өзін-өзі
Теңізден бәрі шошып безінеді.
Сескенбей шарықтайды тек шағала
Айдынды өз үйіндей сезінеді.
Әбіш Кекілбаев, Абиш Кекилбаев, Шағала, Шагала mp3 скачать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Добавил текст

15.01.2017