Адам қолы талай жауды жайратқан текст песни

Әбіш Кекілбаев

0
0

Поделиться:


Адам қолы талай жауды жайратқан,
Адам қолы талай бауды жайнатқан.
Адам қолы тіккен талай кебінді,
Адам қолы жуған талай жөргекті.
Адам қолы сепкен талай өлімді,
Адам қолы талай бесік тербетті.
Бір өңешті толтыра алмай қос қолмен,
Бұл жалғанда талай пенде босқа өлген.
Адам онда білмей рақат дегенді,
Адам онда сезбейтұғын шабытты,
Қолдар онда жазып зарлы өлеңді,
Қолдар онда көтеретін табытты.
Қолдар! Қолдар! Аян, аян өзіңе!
Оның бәрі өзің жазған шежіре!
Талай - талай таңбаң қалды уақытта,
Жылдар келді, жырлар туды не түрлі.
Бүгін қос қол болашаққа, бақытқа
Барар жолдың рельстері секілді.
Әбіш Кекілбаев, Абиш Кекилбаев, Адам қолы талай жауды жайратқан, Адам колы талай жауды жайраткан текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Добавил текст

19.01.2017