Абайла, бауырым, абайла текст песни

Әбіш Кекілбаев

0
0

Поделиться:


Абайла, бауырым, абайла,
Ала керме, у ұрттап,
"Абайла!" деген Абай да,
Ұнатпасаң да, ұғып бақ.
Арман дейтін - арғымақ,
Шындық дейтін - шабан ат,
Үстіне жатсын жар құлап,
Шабатын әлін шамалап.
Сезім дейтін - сел нөсер,
Төзім дейтін - қара жер.
Әулекі келер жәрмес ер,
Әуреге түспей қала гөр.
Жер болмаса, нөсерден
Миуа түгіл мүк өнбес.
Қиқу қуған бөсерден
Қияметтен басқа түк өнбес.
Күшіне сенген дүлейдің
Моласы жатыр сайғақсыз.
Ісіне сенген сүлейдің
Бір ізі жоқ айғақсыз.
Көнбесең көнбе күштіге,
Аяй біл, бірақ, басты да,
Сия алсаң жердің үстіне,
Сиярсың, сірә, астына.

6 желтоқсан, 1969 жыл.
Әбіш Кекілбаев, Абиш Кекилбаев, Абайла, бауырым, абайла, Абайла, бауырым, абайла mp3 скачать, текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Добавил текст

30.01.2017