«Аға!» - дедің, бұрылдым текст песни

Әбіш Кекілбаев

0
0

Поделиться:


«Аға!» - дедің, бұрылдым
Ұп-ұзын екен бұрымың.
«Аға!» - дедің, қарадым:
Жарқылдап тұр жанарың.
«Аға!» - дедің, тоқтадым.
Шарпып кетті от жалын.
«Аға!» - десең, қарағым,
Келе берер қарағым.
Қарай - қарай, шынарым,
Күшейіп кетті құмарым.
Үзіліп кетпей дәрменім,
Айтатын қалқам бар менің:
Анасы болшы, қарағым,
Маған тартқан баланың!

1960.
Әбіш Кекілбаев, Абиш Кекилбаев, «Аға!» - дедің, бұрылдым, «Ага!» - дедин, бурылдым текст песни, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Добавил текст

30.01.2017