Әбдіжаппар Әлқожа Береді Алла (2019) mp3 скачать слушать, текст песни

Береді Алла текст песни

Әбдіжаппар Әлқожа

2019

56
0

Поделиться:



Атақ па саған керегі
Береді Алла береді
Даңқты даңқой боларсың
Ниетің сондай себебі
Өмірден өтіп кетсең де
Дейді жұрт пай-пай ер еді

Ақша ма саған керегі
Береді Алла береді
Соған-ақ қолың сумаңдап
Теңгемен тиын терегі
Бересің жауап сен де ертең
Сұраусыз су жоқ себебі

Сұлу ма саған керегі
Береді Алла береді
Желкілдеп тұрған желегі
Еріп те тұрған емені
Ерінің талай емі еді
Жүзіңнің мұңы болмаса
Ізіңнен мыңы ереді

Өлімге үрке қарайсың
Қойылар соңғы нүкте деп
Нүктенің арғы жағынан
Басқа бір сөйлем күтпе деп
Сүйесің мына өмірді
Бақ керек саған құт керек
Ібіліс салған жолға ерсең
Өмірді мынау той көрсең
Ақыретте саған айтарым
Азаптан басқа түкте жоқ






Комментарии

Багила

19 Апреля 2019

жақсы олен

Admin

Добавил текст

15.01.2019