Жамалымсың (ft. Саят Медеуов) текст песни

Әбдіжаппар Әлқожа

2017

27
1

Поделиться:



Қарақат көзді қарағым

Аймалап ескен самалың

Шарлатқан шаттық аралын

Маралымсың

Қайырмасы:

Еркесі еркін даланың

Байлаулы саған жанарым

Көңілдің бұзған қамалын

Жамалымсың

Еркесі еркін даланың

Байлаулы саған жанарым

Көңілдің бұзған қамалын

Жамалымсың

Еңселген ойдан арылып

Нұрыңды әркез сағынып

Заңына қалдым бағынып

Махаббаттың

Қайырмасы:

Асылдан алқа тағынып

Сәулесі күнге шағылып

Қасымнан жүрші табылып

Шапағатым

Асылдан алқа тағынып

Сәулесі күнге шағылып

Қасымнан жүрші табылып

Шапағатым

Жаныма жаққан дерт едің

Сенімсіз сенсіз ертеңім

Гүл қызы өзің өлкенің

Түсімдегі

Қайырмасы:

Үрлеген жүрек желкенің

Көз тоймас менің көркемім

Сезімнің күйін шертемін

Түсін мені

Үрлеген жүрек желкенің

Көз тоймас менің көркемім

Сезімнің күйін шертемін

Түсін мен

Сезімнің күйін шертемін

Түсін мені
әбдіжаппар, әлқожа, абдижаппар, алкожа, abdizhappar, alkozha, abdijappar, alkoja, Жамалымсың (ft. Саят Медеуов), Жамалымсын (ft. Саят Медеуов) mp3 скачать, слушать, текст песни, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Комментарии

Асылан Магзумов

20 Ноября 2017

Өте тамаша

Aslan Davletov

01 Апреля 2019

күшті ән! жалпы app. супер! жарайсыңдар.

Алмаз Султанов

Отредактировал текст

27.01.2020
Пользователи