Қазақ қыздары сөзі

Жұлдыз Өмірғали

2017

12
0

Бөлісу:



Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
Қыз өссе-елдің көркі-деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Намысын бермеу үшін жатқа қолдан,
Арулар аз болды ма атқа қонған.
Көңілде қалған сыз бар өткен күннен,
Өмірде қалған із бар Ақтабаннан.

Жасырмай айтар болсам жан сырымды,
Тағдырың қарауылға қанша ілінді.
Ерліктің қос қанаты деп білем мен,
Аяулы Әлия мен Мәншүгімді.

Сүймеген сені азамат, азамат па?
Көңілің тәрізді аппақ таза мақта.
Бәрін айт, бірін айтта лайықсың,
Қазақтың қызы деген ғажап атқа.



Жұлдыз Өмірғали, Жулдыз Омиргали, Қазақ қыздары, Казак кыздары mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2017
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Дана Ермекбаева

Сөзін түзеткен

06.09.2017
Қолданушылар