Ондай ондай болып тұрады сөзі

Жігіттер квартеті

2018

11
1

Бөлісу:



Сен кеткелі бүкіл әлем жырақ
Бәрі, бәрі тағдыр сынағы
Махаббатта қоштасу бар бірақ
Ондай ондай болып тұрады

Қайырмасы:
Мені қинап бара жатыр сағыныш
Жанарым да жасқа толады
Мені қинап бара жатыр өкініш
Енді бәрі басқа болады
Мен биіктен күнде-күнде құлаймын
Жүректің көп қояр сұрағы
Тасе емеспін мен де кейде жылаймын
Ондай ондай болып тұрады.

Сен кеткелі мазасыздау түндер
Ай да, күн де көктен құлады
Қиналмай жүр бұл өмірде кімдер
Ондай ондай болып тұрады

Қайырмасы:
Мені қинап бара жатыр сағыныш
Жанарым да жасқа толады
Мені қинап бара жатыр өкініш
Енді бәрі басқа болады
Мен биіктен күнде-күнде құлаймын
Жүректің көп қояр сұрағы
Тасе емеспін мен де кейде жылаймын
Ондай ондай болып тұрады.
жігіттер, жигиттер, jigitter, zhigitter, квартеті, квартети, kvarteti, Ондай ондай болып тұрады, Ондай ондай болып турады mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Абдирасул Момынкулов

19 Қыркүйек 2018

маган унайды

Admin

Сөзін түзеткен

05.08.2018
Қолданушылар