Көктемім сөзі

Жібек Дүйсенова

2019

0
0

Бөлісу:



Сыр айтып сырғалы жылғаларым,
Жеткізіп көктемнің мың хабарын.
Айналып көгімде шынжыр құрап,
Тағы келіңдер,
Тағы да келіңдер, тырналарым

[Қайырмасы]
Көк майса жамылып,
Гүліңді тағынып,
Келдің бе, көктемім, келдің бе?
Анамдай жамалың,
Аймалап самалың,
Сағынтып, көктемім келдің бе?

Көңілге қонақтап таңдар нұры,
Жанымның ашылып алдан гүлі.
Табиғат жанарын жатыр шайып,
Көктемнің алғашқы,
Көктемнің алғашқы ақ жаңбыры

[Қайырмасы]
Көк майса жамылып,
Гүліңді тағынып,
Келдің бе, көктемім, келдің бе?
Анамдай жамалың,
Аймалап самалың,
Сағынтып, көктемім келдің бе?

Бұлбұлдар ерекше үн шығарып,
Гүлдерде жанары тұр шыланып.
Құрбым - ау ерекше әуен тыңдап,
Көкпеңбек қырқаға,
Көкпеңбек қырқаға бір шығалық.

[Қайырмасы]
Көк майса жамылып,
Гүліңді тағынып,
Келдің бе, көктемім, келдің бе?
Анамдай жамалың,
Аймалап самалың,
Сағынтып, көктемім келдің бе?
Жібек Дүйсенова, Жибек Дуйсенова, Көктемім, Коктемим mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін түзеткен

30.09.2019
Қолданушылар