Ал құрбым сөзі

Жібек Дүйсенова

2019

0
0

Бөлісу:



Сөзі: Ерболат Қарақойшы
Әні: Ерболат Қарақойшы

Ердің қамын отыратын уайымдай,
Ата-анаға адал асын дайындай,
Қимастықты көп көрмесе серік қып,
Сыйластықты жүретұғын айырмай.
Құрбылардың көңілдері ыстық қой,
Құмандағы қайнап тұрған шайындай.

[Қайырмасы]
Ал құрбым, ал құрбым,
Тартуы тағдырдың,
Сендермен өткізген бақытты,
Әр сағат, әр апта, әрбір күн.


Көздерімен білдіретін шырайын,
Өздеріңмен мен мақтанып тұрайын.
Қуанғанда қуанышқа ортақ боп,
Мұңайғанда бірге жейтін уайым.
Ханшасындай өмір сүріп өздері,
Патшасындай құрметтейтін жұбайын.
Жібек Дүйсенова, Жибек Дуйсенова, Ал құрбым, Ал курбым mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Admin

Сөзін қосқан

30.09.2019