Қазақтың келіндері-ай сөзі

Жазира Байырбекова

Қазақтың келіндері-ай

14
2

Бөлісу:



Қыз аттаған келін боп, ақ босаға,
Ақ босаға, мерейлі бас босаға.
Қасиетті халқымның дәстүріне,
Куә болып ғасырлар жатты осы ара.
Қариялар батасын бере ме екен
Бата деген ақ тілек керек екен
Жақсы дәстүр жақсы сөз игі тілек
Ұрпақтарға жалғасып келеді екен
 
қайырмасы:
Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
“Абысын тату болса, ас көп” деген,
Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

Татулықпен тамсытқан ауылымды,
Ардақ тұтқан аға, іні, бауырымды.
Ізеті мол қазақтың келіндері,
Бағалаттың баршаға қадіріңді.

қайырмасы:
Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
“Абысын тату болса, ас көп” деген,
Мақалдың айтылуы тегін бе еді.

Пай-пай шіркін, қазақтың келіндері,
Көл-дәрия секілді пейілдері.
Сол келіндер арқасы босағадан,
Құда-жекжат іргесі сөгілмеді.

Жазира Байырбекова, Жазира Байырбекова, Қазақтың келіндері-ай, Казактын келиндери-ай mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Қонақ

11 Наурыз 2016

создерин дурыстасаныздар. мулдем дурыс келмейді

Aziza

Сөзін түзеткен

29.10.2020
Қолданушылар

GM

Бейнеклип
Жазира Байырбекова
Қазақтың келіндері-ай