Төңіректі тұрғандай бір зіл басып сөзі

Жанғали Набиуллин

0
0

Бөлісу:


Төңіректі тұрғандай бір зіл басып,
Отырсың сен жалғыздықпен мұңдасып.
Жәудіреген жанарыңды түн торып,
Үміттер мен күдіктерің жымдасып.
Дәурен қайда жүретұғын сән құрып?
Дәурен қайда тұратұғын таң күліп?
Ұзақ жылдар мұң жұтып та шыдарсың,
Бірақ шыдау мүмкін емес мәңгілік.
Тоқтамдардың таңдап тауып бекемін,
Толтыр босқа өткен күндер өтемін!
Мұңнан солай құтқара алсаң өзіңді,
Біл мені де құтқарғаның екенін.
Жанғали Набиуллин, Жангали Набиуллин, Төңіректі тұрғандай бір зіл басып, Тониректи тургандай бир зил басып сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016