Біз бақытты боламыз сөзі

Жандос Боранбаев

2018

0
0

Бөлісу:



Тәңір қосқан біз тату жұп болғасын
Басымызға бақытпен құт қонған соң
Тіл табысып неке су ын ұрттап ішіп
Біз бір бүтін боламыз

Қайырмасы
Бірімізді біріміз мақұлдасып
Қиын күнде кеңесіп ақылдасып
Болашаққа қадамды батыл басып
Біз бір бүтін боламыз

Ата анамыз үмітін ақтап толық
Бабын тауып шуақтың аттап толық
Борышты боп біз жайлы қонысты боп
Біз қамқоршы боламыз

Қайырмасы
Бірімізді біріміз мақұлдасып
Қиын күнде кеңесіп ақылдасып
Болашаққа қадамды батыл басып
Біз бір бүтін боламыз

Қуанышпен қайғыны бірге көріп
Берге болып бір жерде бірге көгеріп
Жанұя болып сарқылмас дария боп
Біз бақытты боламыз

Қайырмасы
Бірімізді біріміз мақұлдасып
Қиын күнде кеңесіп ақылдасып
Болашаққа қадамды батыл басып
Біз бір бүтін боламыз

Жандос Боранбаев, Жандос Боранбаев, Біз бақытты боламыз, Биз бакытты боламыз mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2018
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

01.11.2018
Қолданушылар