Жалғызбын деп жүрмесін сөзі

Жамбыл Жабаев

0
0

Бөлісу:


Сәлем айт, барсаң Абайға,
Кеңесі кеткен талайға.
Ауырды жеңген қара жер,
Сабырлы болсын қалайда!
Бір жұтқан судай дүниесің,
Ащысын татып күймесін.
Жапанға біткен бәйтерек,
Жалғызбын деп жүрмесін!
Кемелге келген асыл-ай,
Тасқынды тәңір басуы-ай!
Нар көтерген ауырға
Арқасын тоссын жасымай!
Жамбыл Жабаев, Жамбыл Жабаев, Жалғызбын деп жүрмесін, Жалгызбын деп журмесин сөзі, 1
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016