Тілеміске сөзі

Жамбыл Жабаев

0
0

Бөлісу:


Ей, Тілеміс, Тілеміс!
Тілің мірдің оғындай.
Тиіп кетсе, күйдірген
Сексеуілдің шоғындай.
Қарсы келген жау болса,
Құтылмайды соғылмай,
Құр сүлдесі қалғанша,
Қара терге шомылмай!
Кебекбай мен Ноғайбай
Тіліңнен-ақ именіп,
Жүр ғой сені соға алмай!
Жамбыл Жабаев, Жамбыл Жабаев, Тілеміске, Тилемиске сөзі, 1
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016