Сыртанға сөзі

Жамбыл Жабаев

0
0

Бөлісу:


Қыдыралы, Құлшаннан
Құлаш ұрған Сырттайым!
Жерді болжап, күн шалған,
Жүргеніңді ұққанмын.
Қыдыралы, Есімбек
Эрентальды сабаған.
Ер туған ұл десін деп,
Бір кәдеге жараған.
Маманыңның өрені
Тиын-тебен санаған.
Құтылғалы кетіпсің,
Солар жапқан жаладан.
Енді ниет етіпсің,
Кім кірмеген қаладан.
Сеңдей қазақ аз шығар
Үміт қылған баладан.
Екі балаң жетілсе,
Құтыларсың табадан.
Жамбыл Жабаев, Жамбыл Жабаев, Сыртанға, Сыртанга сөзі, 1
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016