Шалтабайға сөзі

Жамбыл Жабаев

0
0

Бөлісу:


Салқын келіп тоң-торыс,
Сыртқа сыздап қарайсың.
Сенен баска жоқ болыс,
Деп өзіңді санайсың.

Шарға түсер шағыңда
Қара тер боп сабылдың.
Аялған жоқ малың да,
Ақжем болып шабылдың.

Елге сөзің жеткенше,
«Жамағат!» деп жалындың.
Қол билікке жеткен соң,
Салғырттыққа салындың.

Сан рет кеп, алдыңда
Сағым сынып сарылдым.
Сазаратын Жамбылға -
Саған сонша не қылдым?!

Бақсы басы қаңғырар,
Бабын таппай тамырдың.
Жанды есінен тандырар,
Қиынын-ай бабыңның!
Жамбыл Жабаев, Жамбыл Жабаев, Шалтабайға, Шалтабайга сөзі, 1
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016