Өстепкеде сөзі

Жамбыл Жабаев

0
0

Бөлісу:


Үйсін, Найман саңлағы,
Өстепкеге жиылдың.
Жолдың ұшып шаңдағы,
Алматыға құйылдың.
Елде жүрген егейлер,
Қалада құр үйілдің.
Ұлық көрсең, ұйлығып,
Желді күнгі қамыстай
Жапырылып иілдің.
Жүріппіз сыр алыспай,
Жайларыңды түйіндім.
Келтірдіңдер намысты,
Бек қорланып күйіндім.
Бүйтіп қызық көргенше,
Өзі жақсы үйімнің.
Шұлғымаймын сендерше,
Керегі жоқ сыйыңның.
Қор болмаймын өлгенше,
Өлеңіме-ақ сыйындым!
Еске алсам ертегідей ертеңі өткен,
Талай жан жүрегінің жырын төккен.
Еңіреп ен даладан бақыт іздеп,
Таба алмай Асанқайғы о да өткен.
Құландай қақтан безген Қорқыт қаңғып,
Кездеспей көрден басқа, ол да кеткен.
Жамбыл Жабаев, Жамбыл Жабаев, Өстепкеде, Остепкеде сөзі, 1
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016