Жамбыл Жабаев Өлеңші Омарға (1) сөзі

Өлеңші Омарға сөзі

Жамбыл Жабаев

0
0

Бөлісу:


Жағынба байға босқа, Омар ақын,
Байлардан саған мынау кедей жақын.
Енеңді мықтап мырза бір боқтайды,
Берерде қойға қоңыр шолақ атын.

Тек отыр, меніменен айтыспай-ақ,
Жетеді саған ақын некен-саяқ.
Үрпиіп, жүні түскен коңыр қаздай,
Соғуға қанатыммен тұрмын аяп!






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016