Жамбыл Жабаев Мәңке туралы (1) сөзі

Мәңке туралы сөзі

Жамбыл Жабаев

0
0

Бөлісу:


Жанғойлық болысы пысық келеді,
Мұрындары пұшық келеді.
Екі арадан ептеп жерінде,
Көздерін қысып келеді.
Сөздерін ұзарта келеді,
Өңешін қызарта келеді.
Өнімі азырақ жерде,
Үстіне тұз арта келеді.
Ыңыранып отырып алады,
Әр алуан қырға салады.
Ақыры құдай жарылқап,
Қалталарын толтырып алады.






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016