Көкімге сөзі

Жамбыл Жабаев

0
0

Бөлісу:


Бері отыршы, Көкімім,
Қандай екен өкімің?
Елді билеп алуға
Қай арадан бекідің?

Әлде бекіп келдің бе
Арын сатып бетіңнің?!
Бір тояйын дедің бе
Ақысын жеп жетімнің?

Әлде ғаріп көз жасын
Көрейін деп бекіндің?
Ашып жауап қайыршы,
Көкім, сенен өтіндім.
Жамбыл Жабаев, Жамбыл Жабаев, Көкімге, Кокимге сөзі, 1
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016