Артықша туған азамат сөзі

Жамбыл Жабаев

0
0

Бөлісу:


Жігіттіктің кезінде
Жігерлі болса, ер болар.
Тұрмаса жігіт сөзінде,
Нәсілі оның кем болар.

Қажырлы болса майданда,
Халыққа сөзі ем болар.
Ел үшін туған ерлердің
Алды-арты дария - кең болар.

Бірлігі кетсе ағайын,
Әркімдерге жем болар.
Білімсіз болса жолдасың,
Кылған қайырың сел болар.

Артықша туған азамат
Халыққа үлкен бел болар.
Серт адамды байлайды,
Ер жігіт серттен таймайды.

Өршеленген кезеңде
Өлімді кім ойлайды.
Жігері болса жігітің,
Орындамай қоймайды.

Атқан оқтан қайтпайтын,
Өтірік сөз айтпайтын,
Кезеңді жерде кез болса,
Қорқып тізгін тартпайтын

Батыр Қараш, Саурық,
Шапырашты, Өтеген
Батырлардың еңбегі
Таныс маған ертеден.
Жамбыл Жабаев, Жамбыл Жабаев, Артықша туған азамат, Артыкша туган азамат сөзі, 1
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016