Жаным менің балапаным сөзі

Жақсыбек Азамат

Жаным менің балапаным

7
0

Бөлісу:


Сұлуым сағынған, шырақтама жанымнан
Білесіңбе өзіңе жүрегім бағынған
Тап-таза арыңнан,періштем айналайын
Мәңгі болып қасыңда бір өзіңе байланайын
 
Құшақтап аймалайын үй жанында кездескенде
Ғашық болам қайтадан өзіңмен жүздескенде
Телефон мен тілдескенде кетеміз армандарға
Сені менен мәңгі бір болсам менде де арман барма
 
Еркелейсің елігім сүйкімді балапаным
Сені сүйіп, саған арнап осы әнді жаратқанмын
Қандай ыстық алақанын бетіме тигеніңде
Бұл өмірде өкінбеспін сені жаным сүйгеніме
 
Ойым бар үйленуге сұлуым өзің менен
Алдағы қиялдарға жетейікші төзім менен
Мөп-мөлдір көздерің мына мені баурап алған
Сүйкімді сыпайылық жүрегімді жаулап алған
 
Қас сұлудың өзі едің сүйкімді көжегім
Махабаттың сынағын сені менен төземін
Өртенседе өзегім сені мүлде тастамаймын
Өзгеменен қол ұстасып жаңа өмір бастамаймын 

Жақсыбек Азамат, Жаксыбек Азамат, Жаным менің балапаным, Жаным менин балапаным сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Қонақ

26 Наурыз 2016

өлеңі қайжа

Жайна

02 Сәуір 2016

Оте оте керемет.Катты катты унайтын андеримнин бири.

Арман

11 Қыркүйек 2016

керемет олен

Назерке Базарбаева

25 Қантар 2018

өте керемет сөз жоқ

Indi1607 Indi

25 Қантар 2018

керемет ани жок екен

GM

Сөзін қосқан

24.10.2015
Бейнеклип
Жақсыбек Азамат
Жаным менің балапаным