Ғашық әнім Жайна Тұманова

Ғашық әнім

0
0

Бөлісу:


Сөзі



Сонау бір күткен сонау кез
Түседі жиі есіме
Сағыныш ғана тағдырда
Алысқан маған несіне
Кезіккен жаным кезіне
Кездестін маған несіне
Қош деген сөзді айта алмай
Жүрегім кетті езіле

қайырмасы:
Сол әніне балқығаным ай
Көңілімнің шалқығаны-ай
Сырлы көзің күлімдеуін-ай
Жүрегімнің дүрілдеуін-ай
Сезіміме асыл нәр берген
Таңдайлы тәтті бал берген
Өміріме әсем сән берген
Жанарыма ақ сәуле берген

Ішінде өзің жүрмесең
Бақ тірлік кездім несіне
Санама жазған бейненді
Көзіме келем көшіре
елесін сол кездердің
Жадымнан алмай өшірем
Сыбырлап самал үнімді
Елжіреп жаным егілем


қайырмасы:
Сол әніне балқығаным ай
Көңілімнің шалқығаны-ай
Сырлы көзің күлімдеуін-ай
Жүрегімнің дүрілдеуін-ай
Сезіміме асыл нәр берген
Таңдайлы тәтті бал берген
Өміріме әсем сән берген
Жанарыма ақ сәуле берген







Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Қосқан

30.10.2015
Бейнеклип
Жайна Тұманова
Ғашық әнім