Мен сені құлай сүйгенмін сөзі

Жайдар Жеңісхан

2016

1
0

Бөлісу:



Ақ жүректе ақ арманым,
Ақ үмітпен алаңдадым
Жолыңа, көркемім.
Күнім дедім, таңым дедім
Алаулаған жалын бе едің?
Еріксіз өртедің.

Құшағын жайған, сен едің айнам,
Жердегі ғажап ертегім.

Қайырмасы:
Мен сені құлай сүйгенмін, жан жаным,
Мен от боп күйгенмін, өрт боп жалын.
Мен сені құлай сүйгенмін, жан жаным,
Өзің деп білемін өмір мәнін, сені жаным.

Ажарыңда әсем нұрың,
Менің мұңым әсерлі
Мұң сезімнен жаралған.
Арайлатып әлем бағын,
Бәрін сыйға берем, жаным,
Өмірде, сан алуан.

Сұлуым, тәттім, мен сені таптым
Осынау жарқын қаламнан.

Қайырмасы:
Мен сені құлай сүйгенмін, жан жаным,
Мен от боп күйгенмін, өрт боп жалын.
Мен сені құлай сүйгенмін, жан жаным,
Өзің деп білемін өмір мәнін, сені жаным.

Сұлуым, тәттім, мен сені таптым
Осынау жарқын қаламнан.

Қайырмасы:
Мен сені құлай сүйгенмін, жан жаным,
Мен от боп күйгенмін, өрт боп жалын.
Мен сені құлай сүйгенмін, жан жаным,
Өзің деп білемін өмір мәнін, сені жаным.
Тәтті бағым






Жайдар Жеңісхан, Жайдар Женисхан, Мен сені құлай сүйгенмін, Мен сени кулай суйгенмин mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2016
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Пікірлер

Anonymous

02 Қантар 2017

бул олен керемет

Admin

Сөзін түзеткен

28.10.2016
Қолданушылар
Бейнеклип
Жайдар Жеңісхан
Мен сені құлай сүйгенмін