Адай шай сөзі

Жадыра Арыстанова

2019

1
0

Бөлісу:



Жеңешемнің адай шайы өз қолымен демдеген
Бастың жазып сақинасын қуат берген дем берген
Шаймен ғана шаймен ғана шөлін басар шөлдеген
Жанға жайлы нағыз шайды білетіндер демдеген
Ақ құманнан ағып жатқан шайдың көркем құрағы
Кеседегі қою сүтпен араласып барады
Науат сап шай қасықпен шайқап жібер шамалы
Ішкеніңде шөлің басып жаның рахат табады

Қайырмасы
Ішкен едім талай шай бұл ішкенім қандай шай
Бал қаймағы талқыған қою күрең адай шай
Қою күрең адай шай иісі жұпар балдай шай
Жаны жайлы жеңешау құйшы маған тағы шай құйшы маған адай шай

Адай шайы анамыздың қасиеті дарыған
Су сап келген атамыздың денесісін қандырған
Сәні бөлек дәмі ерек әрі сусын әрі нан
Шөлдегенде мен дегенде осы шайды сағынам
Осы шайдың буыменен ататындай қырданы
Таң атқаннан таңдайымнан дәмі кетпей тұрғаны
Ұлы бидайым ішкен сайын күрең түске тартады
Адай шайы білсең жайын сусындардың сұлтаны

Қайырмасы
Ішкен едім талай шай бұл ішкенім қандай шай
Бал қаймағы талқыған қою күрең адай шай
Қою күрең адай шай иісі жұпар балдай шай
Жаны жайлы жеңешау құйшы маған тағы шай құйшы маған адай шай

Жадыра Арыстанова, Жадыра Арыстанова, Адай шай, Адай шай mp3 жүктеу, тыңдау, сөзі, 2019
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






Айгул

Сөзін түзеткен

17.03.2019
Қолданушылар