Отаным сөзі

Ұлықбек Есдәулетов

0
0

Бөлісу:


У ашқандар мен босқандардың
панасысың, Отаным,
асқандар мен тасқандардың
табасысың, Отаным,
жанарымның ағы менен
қарасысың, Отаным,
Жазылмайтын жүрегімнің
жарасысың, Отаным.
Арал болып, Семей болып,
қансыраған, Отаным,
көздің жасы өгейленіп,
тамшылаған, Отаным,
малы азайып, жаны азайып
қаны азайып, Отаным,
біткен кезде кедейленіп
хал сұраған, Отаным.
Ақынынды өлгесін тек
аялайсың, Отаным,
әкіміңнен өңгесін көп
аямайсың, Отаным,
мешітке де, түрмеге де, зиратқа ұқсайтын
біздің ұрпақ салып бітпес
саяжайсың, Отаным!..
Ұлықбек Есдәулетов, Улыкбек Есдаулетов, Отаным, Отаным сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016