Тыныштықбек Әбдікәкімұлы Мендегі ғашықтық сөзі

Мендегі ғашықтық Тыныштықбек Әбдікәкімұлы

0
0

Бөлісу:


Сөзі



Қазағымды, өліп бара жатса да, қарайлайтын қонағына,
Домбыраны, ғарыш музыкасын сыйғызған шанағына,
Атамекенімді - Жер кіндігін,
Аққан судың, соққан желдің еркіндігін,
Жүріп бара жатқандағы жылан биін,
Басына бұта өсірген бұлан миын,
Түнгі салютты, күркіреген зеңбіректен,
Күнді, Жанымыздың жапырағын желбіреткен,
Сол сияқты,
Сайтан және саналы Аспан...
Яғни, барша жаратылыс пен құбылысты,
Құдайдың жұпар Демі араласқан
һәм Құдайды
- жақсы көрем!
Мендегі сондай ғашықтық -
- қиял да ұшып өте алмайтын қашықтық.



Скачивайте наши приложения на плеймеркетах App Store и Казакша андер 2022 скачать (Google Play).




Қосқан

29.12.2016


shinline.kz / Создание сайтов - https://ima.kz