Бөлісу:


Қарағым, қатарыңнан көркем түсің,
Ұнайды көңіліме де қылған ісің,
Құлпырып байшешектей түрленесің,
Берген соң ылайықтап құдай пішін.
Жарқын жүз, түлкі тамақ, құралай көз,
Маржандай тізіліп тұр отыз тісің.
Наз бенен қылығыңды көрген кезде,
Елжіреп қорғасындай кетті-ау ішім!
Шайқалып қызыл гүлдей сен тұрғанда,
Менің де бақаменен жоқ жұмысым!
Көңіліңнің бір белгісін білдір маған,
Болмаса көздеп жүрген басқа кісің!
Тұрмағанбет Ізтілеуов, Турмаганбет Изтилеуов, Ақжібек, Акжибек сөзі, 0
Біздің ұялы қосымшаларды жүктеңіздер:
Google Play және App Store






GM

Сөзін қосқан

26.08.2016